Әлем чемпионаты: Қазақстан хоккей құрамасы бүгін Германиямен кездеседі

Бүгін, 17 мамырда шайбалы хоккейден әлем чемпионаты элиталық дивизионында Қазақстан құрамасы үшінші кездесуінде Германияға қарсы ойнайды.

Әлем чемпионатында қазақстандық хоккейшілер В тобында Франция, Словакия, Латвия, Швеция, Германия, АҚШ және Польшамен сынға түсіп жатыр.

Дүбірлі дода 10-26 мамыр аралығында Чехияның Прага және Острава қалаларында өткізілуде.

Қазақстан мен Германия кездесуі бүгін, 17 мамырда сағат 19.20-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі құрама бұған дейін 7 мәрте кездесті. Оның 3-уі Қазақстанның басымдығымен аяқталса, қалғанында қарсыласына есе жіберді.

Одан кейін ел құрамасы 19 мамырда АҚШ, 20 мамырда Польша хоккейшілерімен шеберлік байқасады.

Фото: icehockey.kz