Легионерлер дәуірі аяқталды ма? Қазақстан спорты жаңа бағытқа бет алды

Фото: Ozgeris.info

Президент Қазақстан спортындағы лигионерлерге бюджет қаржысын жұмсауға тыйым салатын заңға қол қойды. Бұл шешім ұзақ жылдар бойы спорт қоғамдастығы мен депутаттар арасында көтеріліп келген тақырыптың нүктесін қойған сияқты. Ozgeris.info тілшісі ел басшысы қол қойған заң аясында не өзгеретінін және легионерлердің кімге керек болғанын зерттеп көрді.

Мемлекеттік бюджет енді тек өз спортшыларымыз үшін

Қазақстан спортында жаңа кезең басталмақ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев спорт саласында шетелдік ойыншыларға (легионерлерге) мемлекеттік бюджет есебінен қаражат төлеуге тыйым салатын заңға қол қойды. Бұл шешім көп жылдан бері сарапшылар мен жанкүйерлер арасында талқыланып келген өзекті мәселенің түйінін шешті.

Заң аясында бірқатар маңызды тұстары шешілді. Аталмыш өзгерістерді сүйіншілеп мәжіліс депутаттары жеткізді.

«Мемлекет басшысының бұқаралық спортқа басымдық беру, отандық спортшыларды қолдау туралы тапсырмалары заңда көрініс тапты», — деп жазды Нартай Сәрсенғалиев.

Одан бөлек:

Шетелдік легионерлерді бюджеттен және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландыруға тыйым салынады.

-бірінші топтағы мүгедектігі бар спортшыны алып жүретін адамның спорттық іс-шараларға баруға байланысты шығындарын өтеу бойынша заңнамалық талап белгіленді;

-спортпен шұғылдану және спорттық жарыстарға қатысу үшін ең төменгі жасты бекіту жөніндегі нормалар қабылданды;

Уәкілетті орган басым спорт түрлерінің республикалық және өңірлік тізбесін әзірлейді, жоғарғы жетістіктер спорты түрлерінің тізімін және оларды бюджет есебінен қаржыландыру тәртібін айқындайды.

Басым спорт түрлері халықаралық аренада қол жеткізген нәтижелерге қарай бекітіледі. Бұл – Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия, Паразия ойындарының бағдарламасына енген спорт түрлері, сондай-ақ ұлттық спорт түрлері.

Спорт федерацияларын аккредиттеуге қатысты ережелер жетілдірілді. Енді олар ұлттық және жергілікті спорт федерациялары болып бөлінеді. 1 федерация — 1 спорт түрі қағидасы бекітілді.

Бұдан былай бюджет қаражаты тек төрт бағытқа: жоғары жетістіктер спортына, оның ішінде спорттың басым түрлеріне, мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметіне, бұқаралық спортқа, спорттық инфрақұрылымды дамытуға жұмсалады.

-аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларының аккредиттелген ұлттық спорт федерациясының мүшесі болу міндеті белгіленді;

-аккредиттелген ұлттық және жергілікті спорт федерацияларына діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған шаралар қабылдау міндеті бекітілді;

-«мемлекеттік дене шынықтыру – спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау» ұғымы енгізілді, сондай-ақ мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау институты енгізілді;

-саланың ерекшелігін ескере отырып, бірінші басшылардымемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарына лауазымды қызметке тағайындау мен қызметінен босату тәртібін регламенттеу бойынша құзыреттер белгіленді;

-уәкілеттті органға спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттарға-колледждерге оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту бойынша құзырет берілді;

-дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға басым спорт түрлерінің республикалық тізбесін және басым спорт түрлерінің өңірлік тізбесін әзірлеу және бекіту, оған қоса жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізбесін, сондай-ақ оларды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру тәртібін айқындау бойынша құзырет берілді;

-дене шынықтыру және спорт субъектілері, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелер ұсынатын ақылы қызметтердің тізбесі нақтыланды.

Заңға «спорттық даярлықтың ұлттық стандарттары» ұғымы енгізіледі. Соған сәйкес спортшыларды төл таным-түсінігімізге сай тәрбиелеп, олардың бойына дәстүрлі құндылықтарды сіңіруді көздейтін бірыңғай даярлау стандарты әзірленеді.

Уәкілетті органға допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін шара қабылдау өкілеттілігі беріледі.

Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтың айтуынша, маңызды әрі қажетті шешім қабылданды.

«Әсіресе, балаларға арналған тегін спорт үйірмелеріндегі орын жетіспеушілігі, балалар спорт мектептері мен бапкерлердің жеткіліксіз қаржыландырылуы және он мыңдаған долларға дейін жететін шетелдік ойыншыларға қатысты (оған жергілікті спорт функционерлерінің «алымдарын» қосыңыз) даулар аясында», — деп пікір білдірді ол.

Айта кетейік, «Ақ жол» демпартиясы Парламентке келгелі бері бұл мәселені тұрақты түрде көтеріп келген.

«Бұл мәселеге осымен түбегейлі нүкте қойылды деп сенеміз. Қазақстанға көзі қызықтыру үшін тартылған шетелдің жалт-жұлт еткен «жұлдыздары» емес, ұлттың шынайы салауаттылығы, атап айтқанда, бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спорты қажет. Кәсіби жұлдыздар жеке клубтардың есебінен жеке қалтадан қаржыландырылуы керек, ондай мысалдар жетерлік, мәселен, теннисте. Бұл мысалды жан-жақты тарату керек», — деп түйіндеді депутат.

Легионерлер кімдер және неге олар туралы көп айтылады?

Легионерлер — бұл шетелден шақыртылған спортшылар. Олар көбінесе футбол, хоккей, баскетбол сияқты командалық спорт түрлерінде клубтардың негізгі құрамында ойнайды. Олардың жалақысы мемлекеттік бюджеттен немесе ұлттық компаниялар арқылы төленеді.

Көптеген спорт клубтары, әсіресе футбол мен хоккейде, жеңіске жету мақсатында шетелден ойыншыларды шақырып, оларға қыруар қаражат төлеп келгені белгілі. Бұл қаражаттың басым бөлігі жергілікті бюджеттен бөлінетін салық төлеушілердің ақшасы болатын. Алайда мұндай саясаттың ұзақ мерзімді тиімділігі күмән тудырды. Ұлттық құрамаларда қазақстандық спортшылар азайып, жастарға жол берілмеді.

Мысалы футболға шақырылған жұлдыздарға қыруар ақша төленсе де, олардан пайда болмады. “Астана” мен “Қайрат” клубтары жыл сайын миллиондаған долларды легионерлерге жұмсады.

Оның ішінде, Жуниор Кабананга (Конго) – жылдық жалақысы 1 миллион доллар шамасында болды. Джордже Деспотович (Сербия) – “Қайраттың” шабуылшысы ретінде ойнады, бірақ тұрақты нәтиже көрсетпеді.

Осындай ойыншылардың көпшілігі қысқа мерзімде клубты тастап кетіп отырды. Ал бұл уақытта қазақстандық жастар алаңға шығуға мүмкіндік таппай жүрді.

“Барыс” клубы Құрлықтық хоккей лигасында ойнайды. Мемлекеттік құрылымдар арқылы қаржыландырылады. Бірақ команда құрамының басым бөлігі ресейлік және канадалық легионерлер.

Басқа спорт түрлерінің жағдайы да осындай. Баскетбол, волейбол, тіпті дзюдо сынды спорт түрлерінде де шетелдік спортшылар мен жаттықтырушыларға қомақты қаржы жұмсалды. Бірақ жергілікті спорт мектептері мен жасөспірімдерге бөлінетін қаражат мардымсыз.

Сарапшылар не дейді?

Енді жас спортшыларға жол ашылады. Жаңа заң отандық спортшыларға мүмкіндік береді. Енді клубтар шетелден жұлдыз іздеудің орнына, жергілікті жастарды тәрбиелеуге, инфрақұрылымды дамытуға көңіл бөлуге мәжбүр болады. Бұл қадам – қазақстандық спорттың тамырын тереңдетіп, өз мектебін қалыптастыруға бастама болмақ.

Спорт сарапшылары мен жаттықтырушылар бұл заңды уақтылы қабылданған және стратегиялық маңызды шешім деп бағалап отыр. Олар мұны «спорттың бизнеске емес, қоғамға қызмет етуі тиіс» деген ұстанымның көрінісі деп санайды.

Экономистер де қолдайды: «Жергілікті кадрларға инвестиция салу – ел экономикасына да, мәдениетіне де оң әсер етеді. Легионерлерге кететін қаражаттың орнына балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту – әлдеқайда тиімді», – дейді олар.

Сарапшылар бұл заң ұлттық рух пен патриотизмді тәрбиелейді деп қосты.

«Қазақстандық командаларда өз ұл-қыздарымыз ойнаса, бұл жанкүйер үшін үлкен мақтаныш. Ол ұлттық бірлікті, патриотизмді арттырады. Әсіресе, ауыл-аймақтардан шыққан балалар үшін бұл үлкен мотивация болмақ», — дейді олар.

Президент қол қойған заң аясында енді мемлекеттің ақшасы отандық спортшыларды дамытуға, инфрақұрылымды жақсартуға және жастарды қолдауға мүмкіндік ашты. Ендігі мақсат – бұл бастаманы тиімді іске асыру. Сонда ғана Қазақстан өз спорт мектебін қалыптастырып, халықаралық ареналарда абыроймен өнер көрсете алатын болады.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диетолог: "Уходит 12 кг жира за 3 дня! Для похудания советуем…