Шымкент қаласындағы жастар ресурстық орталығы қызметкерлерінің әлеуметтік желідегі белсенділігіне байланысты даулы жағдай туындады. Бірнеше қызметкер басшылық тарапынан қысымға ұшырағанын айтып отыр, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі QonanDoyle Telegram арнасына сілтеп.
Олардың айтуынша, орталық жариялаған жазбаларға лүпіл баспаған не пікір қалдырмаған қызметкерлерге ескерту жасалып, тіпті кейбіріне ресми сөгіс те берілген.
Бұл жағдай әлеуметтік желіде де қызу талқылануда. Facebook қолданушыларының бірі Азат Дидарбек бұл әрекеттерді сынап, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықовтың назарын аударуға шақырды. Оның жазбасында қазіргі орталық басшылығының кәсібилігіне күмән келтірілген.


ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру