Жаңалықтар

Шардара су қоймасынан заңсыз балық аулаған браконьерлер ұсталды

Күдіктілерден 3 қап балық, тіркелмеген 3 қайық және заңсыз электр құрылғылары тәркіленді.
Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен жүргізілген іс-шара барысында Шардара су қоймасынан электр тогын пайдалану арқылы заңсыз балық алу фактісі анықталды. Шұғыл тергеу әрекеттері жүргізіліп, заттай дәлелдеме ретінде Нива автокөлігі, үш қап балық, тіркелмеген 3 қайық және заңсыз электр құрылғылары алынды. «Аталған жағдай ҚР ҚК 335-бабы 1-бөлігінің 2) тармағымен тіркелді. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің барысы облыс прокуратурасының қатаң бақылауына алынды» делінген Түркістан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. Фото: primeminister.kz
Барлық жаңалық