Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев елордада өткен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев елордада өткен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

Бұл сенбі күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

 

 

Мемлекет басшысы еріктілер мен экобелсенділермен бірге елордадағы Ботаникалық бақ аумағында ағаш отырғызуға қатысты.

 

 

Биылғы жалпыұлттық акция аясында еліміз бойынша шамамен 2,4 миллион көшет отырғызылған. Астана әкімдігінің мәліметінше, «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіп үлгісі» атты кең ауқымды экологиялық шара аясында 11 қазан күні елордада жалпықалалық сенбілік басталды. Қаланы абаттандыру жұмыстары барысында ағаш отырғызу ісі де елорданың барлық алты ауданында өткізілуде.

Барлық жаңалық