Жаңалықтар

Нұрсұлтан Тұрсынов Париж Олимпиадасының ширек финалына шықты

Грек-рим күресінен 87 келідегі Нұрсұлтан Тұрсынов Париж Олимпиадасының 1/8 кезеңінде Мохамед Мұстафа Метваллиді таза жеңді, деп хабарлайды ozgeris.info.

Енді ширек финалда отандасымыз Олимпиада чемпионы Жан Беленюк (Украина) немесе қытайлық спортшының арасындағы күрестің жеңімпазымен белдеседі. Мысырлық балуан - Африка ойындарының қола жүлдегері, Африка чемпионы. Ол Токио Олимпиадасына қатысқан. Нұрсұлтан Тұрсынов былтыр Париж Олимпиадасының жолдамасын алғашқылардың бірі болып жеңіп алған еді.
Барлық жаңалық