Маңғыстау облысында бірқатар шенеуніктердің есірткі қылмысына қатысы бар деген дерек бойынша тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Alash.KZ сайтына сілтеме жасап.
Алынған мәліметке сәйкес, күдіктілердің қатарында Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары мен Атамекен ауылдық округі әкімінің орынбасары бар.
Қазіргі таңда аудан әкімінің орынбасары уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ал өзге күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасы тағайындалуда.
Әкімдік таратқан ақпаратқа сай, тәркіленген заттар сараптамаға жіберілген.