Жаңалықтар
Былтыр 161 бастық жемқорлықпен әшкере болған: Антикор басшысы Президентке есеп берді
Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдады.
Асхат Жұмағали сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің былтыр атқарған жұмысының нәтижесі жөнінде есеп берді.
Оның айтуынша, өткен жылы жемқорлыққа қатысты 1692 қылмыс тіркеліп, 1324 адам әшкереленген. Оның 161-і түрлі деңгейдегі басшылар. 1221 іс сотқа жіберілген.
2022 жылдан бері мемлекетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 1,02 трлн теңге (2,2 млрд АҚШ долларынан астам) көлемінде мүліктік активтер мен қаражат қайтарылған, бірқатар қылмыстық істі тергеу барысы туралы мәлімет берді.
«ӨКМ» операторы» ЖШС-не қатысты аяқталған қылмыстық істер бойынша Қостанай және Қарағанды облыстарындағы жалпы құны шамамен 20 млрд теңге болатын 2 зауыт мемлекет меншігіне өткен.
Қ.Сатыбалдыұлына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары аясында биыл ақпан айында бюджетке тағы да шамамен 82,6 млрд теңге (185 млн АҚШ доллары) түскен.
Бұдан бөлек, Ақмола облысының Қосшы қаласындағы 942 гектар жер учаскесі мемлекетке қайтарылған.
Оның нарықтық құны 13 миллиард теңгеден асады.
Мемлекеттік сатып алу порталына мониторинг жүргізу барысында 41,3 миллиард теңге көлеміндегі бюджет қаражатының мақсатсыз жұмсалуына жол берілмеген.
Мамандандырылған ХҚО-да автокөлік тіркеу кезіндегі қулық жасау жолдарын анықтаған.
Мемлекеттік баж салығы мен автомобильдерді тіркеуден түскен төлемдердің басым бөлігі ақпараттық жүйелердің жұмысындағы олқылықтарға байланысты бюджетке түспеген;
Агенттіктің ұсыныстары бойынша кемшіліктер жойылғаннан кейін 2023 жылы бюджетке түскен түсімдер (2022 жылмен салыстырғанда) 9 есе ұлғайып, 91,4 миллиард теңгені құраған.
Осы ретте екі жылда да тіркелген автокөліктердің саны бірдей болған.
Спортты қаржыландыру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіліп жатқанын, тексеру барысында бюджет қаражатының тиімсіз бөлінуіне, соның ішінде сыбайлас жемқорлық сын-қатерлеріне байланысты әрекеттер анықталған.
Тек осы жылдың өзінде агенттік аталған саладағы жымқыру фактілері бойынша 18 қылмыстық істі тіркеген.
«СК „Фармация“ ЖШС қызметін талдау жұмыстары аяқталған.
Мұнда да медициналық препараттар мен жабдықтарды сатып алуға қатысты айтарлықтай жемқорлық тәуекелдері анықталған. Әлеуметтік маңызы бар проблемалы объектілердің құрылыс барысын қадағалау нәтижесінде бүкіл ел бойынша 32 ғимарат пен нысан салынған.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында сомасы 2 миллиард теңгеден асатын тауарлар мен қызметтердің бағасын көтеру тәуекелдеріне жол берілмеген.
10 мыңға жуық азаматқа тегін құқықтық көмек көрсетілген.
Ұлттық банктің «Цифрлық теңге» жобасы арқылы «ақшаны бояу» тетігін енгізу мәселесі пысықталған. Қазіргі уақытта Цифрлық теңге пилоттық режимде Алматы қаласындағы мектептердің бірінде іске асырылып жатыр.
Қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде Қазақстан 2023 жылдың қорытындысы бойынша Transparency International (Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі) рейтингінде 8 позицияға көтеріліп, 180 елдің арасында 93-орынға тұрақтаған.
Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды және алдын алу шараларын күшейтуге бағытталған жүйелі жұмыстарды жалғастыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.
Фото: Ақорда
-
«Жоғары мәртебелі Тоқаев мырза!»: Мәскеу Қазақстан президентін қалай қарсы алды18:50, 11 қараша 2025
-
Атырауда екі жасар бала терезеден құлап мерт болды17:15, 11 қараша 2025
-
-
"Бір көріп ғашық болдым": Медеу Арынбаев жеке өміріндегі сырымен бөлісті (ВИДЕО)16:34, 11 қараша 2025
-
Кредитті 5 жылға шегеруге бола ма?16:26, 11 қараша 2025
-
"Пара алып, қашпақ болған": Түркістанда полицей 7 жылға сотталып кетті (ВИДЕО)16:12, 11 қараша 2025
-
"14 жыл біргеміз!": Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы елге үн қатты (ВИДЕО)15:10, 11 қараша 2025
-
Тоқаев Қазақстанның бірқатар елшісін тағайындады14:50, 11 қараша 2025
-
-
Көкшетауда 15 жастағы қызды көше иттері талап тастады (ВИДЕО)11:53, 11 қараша 2025
-
-
"14 жыл біргеміз!": Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы елге үн қатты (ВИДЕО)15:10, 11 қараша 2025
-
-
Қуат Хамитов Еркебұлан Тоқтарды жекпе-жекке шақырды01:00, 11 қараша 2025
-
"Өзі еңбек етсін": Олжас Абай ажырасқан әйеліне көмек бермейтінін айтты09:00, 11 қараша 2025
-
Алматыда ер адам 13 жастағы қызды өзімен бірге ертіп кету үшін ақша ұсынған05:43, 11 қараша 2025
-
-
Тоқаев орыстарға не деді?11:01, 11 қараша 2025
-
Зүлфия Сүлейменоваға жаңа қызмет бұйырды10:50, 11 қараша 2025
-
Көкшетауда 15 жастағы қызды көше иттері талап тастады (ВИДЕО)11:53, 11 қараша 2025
-
«Иманы саламат болсын»: Мұхтар Шаханов қара жамылды19:46, 05 қараша 2025
-
"Қасынан бір елі қалмайды": Тұрсынбек Қабатовтың жас тоқалының видеосы тарады (ВИДЕО)14:57, 05 қараша 2025
-
-
"Қатты мұқтажбыз": Тұрсынбектің балалары солқылдап жылап қалды (ВИДЕО)17:16, 10 қараша 2025
-
"Қазір әкемнен алыстадым": Тұрсынбек Қабатовтың кіші қызы оқырмандарына жауап берді09:56, 05 қараша 2025
-
"Ол да бір үйдің Мөлдірін жылатты": Динара Сәтжан танымал журналистің сынына қалды16:44, 06 қараша 2025
-
"Көмектесетін адамым жоқ": Гүлзира Айдарбекованың кіші келіні ренішін айтты09:00, 06 қараша 2025
-
"Дәстүрді білмей ме": Асанәлі Әшімов немересін күйеуіне өзі табыстады (ВИДЕО)15:01, 10 қараша 2025
-
"Жақсы күйеу бола алмады": Тұрсынбек Қабатовтың кенжесі әкесі туралы жазба жариялады12:36, 06 қараша 2025
-
Тұрсынбек Қабатов тоқалы барын мойындады10:06, 10 қараша 2025
-
"Қызымның ұстайтын жері қалмапты": Сәкеннің құдағиы ренішін айтты (ФОТО)10:18, 16 қазан 2025
-
-
-
-
Аида Балаева қаралы хабар айтты15:04, 20 қазан 2025
-
-
-
"Жасанды сұлулық иесі": Қоғам белсендісі Динара Сәтжанды оңдырмай сынады13:02, 14 қазан 2025
-
«Иманы саламат болсын»: Мұхтар Шаханов қара жамылды19:46, 05 қараша 2025
-