🌐 Әлем

Биткоин құны алғаш рет 120 мың доллардан асты

Биткоин құны алғаш рет 120 мың доллардан асты

Әлемдегі ең қымбат әрі кең танылған криптовалюта Bitcoin (BTC) тарихи межеден асып, алғаш рет 120 мың доллардан жоғары бағаға көтерілді, деп жазады Ozgeris.info.

Кейінгі күндері криптовалюта нарығы қайта жанданып, биткоин бағасы күн сайын жаңа шегіне жетіп келеді. Өткен аптада BTC бірнеше рет өскен болса, дүйсенбі күні таңертең оның құны тағы 2,45%-ға көтерілген. лн 402 млрд долларды құрап отыр. Бұл – бүкіл криптовалюта нарығы үшін рекордтық көрсеткіштердің бірі. Баға өскен сайын нарықтық құн да артып, санаулы күндер ішінде BTC капиталы 100 млрд долларға ұлғайды.

Биткоин тарихы 2008 жылдан басталады. Әлем қаржы дағдарысына ұшырап жатқан тұста, Сатоши Накамото деген бүркеншік атпен танылған адам (не адамдар тобы) биткоин протоколын сипаттайтын мақала жариялады. Ал 2009 жылы алғашқы транзакция орындалып, желі іске қосылды.

Бастапқыда бір биткоиннің құны 1 центке де жетпеген, ал бүгінде бұл цифр жүз мыңдаған есе артып отыр. Цифрлық актив осы күнге дейін миллиондаған инвестордың қызығушылығын тудырып, жаһандық экономиканың жаңа бағытына айналды.

Биткоин неге қымбаттап жатыр? Биылғы жылдың шілде айы биткоин үшін рекордтар кезеңіне айналды. 2025 жылғы 11 шілдеде оның құны 116 мың долларға жетіп, тарихи максимум орнатқан болатын. Ал одан бұрын, мамыр айының соңында, BTC 111 мың доллардан асып, күрт өскен. Бұған әсер еткен негізгі факторлардың бірі – АҚШ сенатына стейблкоиндерді реттеу туралы заң жобасының ұсынылуы.

Тағы бір маңызды себеп – АҚШ-тың крипто саласына стратегиялық түрде бет бұруы. 2025 жылғы наурызда Дональд Трамп елде стратегиялық криптовалюта резервін құру қажеттігін мәлімдеді. Ол крипто саласындағы ірі ойыншылардың қолдауына ие болған. Сонымен қатар биыл 7 наурызда Ақ үйде криптовалютаға арналған алғашқы саммит ұйымдастырылып, саладағы ықпал күшейе түскен.

Барлық жаңалық