Атырауда ерекше жағдай тіркелді: жергілікті тұрғын үш жасар бүлдіршіннің үстінен полицияға арызданған. Себеп – балалардың ойыншыққа таласып қалуы, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға жайлы әлеуметтік желідегі Threads парақшасында «іс күдіктісінің» анасы жазды. Оның айтуынша, кафеде үш жасар қызы ойыншық шаңсорғышты ойнауға алып, алты жасқа таяған басқа қыз оны тартып алмақ болған. Сол сәтте екінші баланың анасы келіп: «Қызыңызға әдеп үйретіңіздер» деп айқайлаған.
«Бір қызығы, балалар он минуттан кейін татуласып, бірге ойнап кетті. Ал әлгі әйел болса қызымның үстінен арыз жазып, тіпті үш жасар қызымнан өзінің бес жасар қызының алдында кешірім сұрауды талап еткен», – дейді анасы.
Атырау облыстық полиция департаменті бұл жайтты растады.
«Арыз расында тіркелді. Тексеру барысында баланың ата-анасымен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазақстан заңнамасына сәйкес, үш жасқа толмаған балаға қатысты арыз қабылданбайды. Сондықтан азаматшаның арызы қараусыз қалдырылды», – делінген ресми хабарламада.