Астанада түнгі уақытта ірі жол апаты тіркелді. Оқиға 24 тамызға қараған түні Абылай хан даңғылында болған. Әлеуметтік желілерде тараған суреттерде бірнеше көліктің қатты зақымданғаны байқалады, олардың бірінің ішкі бөлігі мүлде майысып қалған, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасайды.
Полицияның мәліметінше, Теміртау қаласының 18 жастағы тұрғыны Changan Deepal S07 маркалы автокөлікті заңсыз айдап әкетіп, қала ішінде жүйткіп, жол ережесін өрескел бұзған. Соның салдарынан жол-көлік оқиғасы болып, үш адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.