Астана қаласы

Астанада полиция жалған нөмір таққан шетелдікті қамауға алды

Астанада полицейлер шетел азаматын ұстау үшін арнайы қуу операциясын жүргізді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Астана қаласының Полиция департаментіне сілтеме жасап.


Mercedes көлігін тізгіндеген ер адам жалған мемлекеттік нөмір тағып, тәртіп сақшыларынан қашпақ болған.

 

Қашу кезінде жүргізуші көлікті басқара алмай, шлагбаумды бұзып өтіп, бірнеше тұрақтағы автокөлікке соқтығысқан. Тексеру барысында оның жолаушыларды заңсыз тасымалдаумен айналысқаны, сақтандыру құжаты жоқ екені және нөмірді басқа көліктен шешіп алғаны белгілі болды.

 

Полиция департаменті мұндай әрекеттер жол қозғалысы қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіретінін және қатаң түрде тоқтатылатынын мәлімдеді.

 

Сот шешімімен құқық бұзушы үш күнге қамауға алынып, көлік жүргізу құқығынан айырылды. Сонымен қатар, көлігін жүргізуші куәлігі жоқ адамға берген иесі де заң аясында жауапкершілікке тартылды.

Барлық жаңалық