Жаңалықтар
Аманжол Әлтаев: Мән-мағынасы жоқ орден-медальдар жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кетті
«AMANAT» партиясы фракциясының депутаты Аманжол Әлтай Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсеноваға депутаттық сауал жолдады.
Мемлекеттік рәміздер — Тәуелсіз еліміздің бейнесін танытатын символдық мән-мағынаға ие қастерлі ұғымдар.
Елдігіміздің негігізгі нышаны Мемлекеттік рәміздерді терең тану мен қадірлеу — бүгінгі біздер үшін де, келешек ұрпақ үшін де аманаты үлкен парыз!
Бірақ, рәміздеріміз бен Мемлекеттік наградалардың атауын, кескінін, кейбір элементтерін қайталайтын түсініксіз ұйымдардың мән-мағынасы жоқ орден-медальдары, жалған атақтары, жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткені шындық.
Мұндай үрдіс ешкімге де абырой әпермейді, керісінше адамды даңғойлыққа, жеңіл атаққұмарлыққа итермелейді.
Дабыл қақпасқа амал жоқ!
Хакім Абай:
Арсыз болмай атақ жоқ,
Алдамшы болмай бақ қайда? Демекші арзан атаққа алданғандар мен жеңіл жолмен пайда тапқыш, атақ сатқыштар көбейіп барады.
Тіпті жеке адамдардың тойларында да жалған атақтар мен құнсыз сөлкебайларды жыртыс таратқандай үлестіріп жататын келеңсіз көріністерге көңілің құлазиды. Тағы да сол Абай жарықтықтың: Бетті бастым, қатты састым, тұра қаштыс жалама-жан — деп күйінетіні осындайдан гой!
Мысалы, сіз 50 мың теңгеге пысықай ұйымның атынан «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» медаліне, ал 100 мың теңгеге «Қазақстанның құрметті азаматы» атағына ие боласыз.
Сан ғасырлық елдік тарихымызда «Ұлт ұстазы» деп халық ұсынған сәулелі сөзді қастерлеп Ахмет Байтұрсынұлына ғана қолданатын едік, қазір «Ұлт ұстазы» деген атақты бар болғаны 10 мың теңгеге сатып ала саласыз. Академик дегенде көз алдымызға Қаныш Сәтбаев секілді ғұлама ғалымдар елестеуші еді, қазір 200 мың теге беріп қаптаған түсініксіз академиялардың жалған академикгі бола саласыз.
Міне, асылдың — жасыққа, құндының — құнсызға, қымбаттың — арзанға, мөлдірдің — батпаққа айналуының нақты көрінісі!
Сонда бабаларымыздың бойтұмарындай болған — әділет, қанағат, ынсап қайда қалды, ағайын!
Бұл — құрметтеу емес қорлау, жұртты алаөкпе қылатын, өте қауіпті әрі қоғамды бүлдіретін үрдіс!
Осы ретте, әділетті келешекке қадам басқымыз келсе, сатылатын мәнсіз марапаттардан қоғамды сақтандыру маңызды.
Мемлекеттік рәміздерімізді ретсіз қолданып, жалған атақтар мен құнсыз сөлкебайларды сатып пайда тапқыш пысықайлардың әрекеттеріне құқықтық негізде тиым салу керек. Бұл бір.
Екіншіден, рәміздер мәселесінде әлі де ойластыруды, ортақ шешімге келуді қажет ететін түйткілдер бар.
Біздегі түйткілдердің бір ұшы атауға байланысты. Геральдика — гербтер мен оларды қолдану дәстүрлерін ғана зерттейтін арнайы тарихи пән.
Яғни геральдиканың нысаны — тек қана гербтер.
Ал, рәмізтану — бұдан кең ауқымдағы зерттеулерді қажет ететін сала. Сондықтан бұл жұмыстармен айналысатын мекемені «Геральдикалық зерттеу орталығы» деп емес, «Ұлттық рәмізтану орталығы» деп аталғаны жөн.
Өйткені, рәмізтану нысанында мемлекеттік рәміздермен қатар, ертедегі символдық таңбалардан бастап, ою-өрнектер тіліне дейін қамтылады және олардың рәміздік мән-мағыналары ашылады.
Рәміздер мәселесін өз елінің тарихымен сабақтастыра қарастыру әлемнің Жапония, Франция сияқты дамыған елдерінің тәжірибесінде бар.
Осыған орай, біздің рәмізтану арнайы ғылым ретінде қалыптасатын уақыт келді.
Жоғарыда айтылған ойлардың түйіні ретінде келесі ұсыныстарды айтамыз:
1. Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Кемелұлының Ұлттық құрылтайда айтқан тапсырмасынан нәтиже шығарып, аймақтар мен қалалардың таңбасын әлемдік стандарттар негізінде бірыңғай үлгіге икемдеп әзірлеу және бекіту тәртібін ретке келтірген жөн.
2. Қазіргі Геральдикалық зерттеу орталығының атауын «Ұлттық рәмізтану орталығы» деп өзгерту мәселесі қарастырылсын.
3. Рәміздерді ғылыми тұрғыда зерттеп, жүйелеу ісіне рәмізтанушылармен қатар, тарих, археология, этнография салаларының мамандарын да кеңінен тарту қажет.
4. Мемлекеттік рәміздер арқылы қоғамда патриоттық сезімді орнықтыру үшін балабақшадан бастап, мектеп, колледж, ЖОО-да рәмізтану бойынша арнаулы тәрбиелік іс-шаралар жоспарлы түрде жүйелі өтуге тиіс.
5. Мемлекеттік рәміздердің элементтерін, мемлекеттік наградалардың және атақтардың атауын қайталалайтын әрекеттерге құқықтық тосқауыл қою керек.
«Осы депутаттық сауалға заңнамада белгіленген мерзім ішінде жазбаша жауап күтеміз» - деді депутат Аманжол Әлтай.
-
"Өзі еңбек етсін": Олжас Абай ажырасқан әйеліне көмек бермейтінін айтты09:00, 11 қараша 2025
-
Алматыда ер адам 13 жастағы қызды өзімен бірге ертіп кету үшін ақша ұсынған05:43, 11 қараша 2025
-
-
Қуат Хамитов Еркебұлан Тоқтарды жекпе-жекке шақырды01:00, 11 қараша 2025
-
-
Талғарлық Хасан Қасымбаев сотта соңғы сөзін айтты17:25, 10 қараша 2025
-
Халық зейнетақы шотын енді өзі басқара ала ма?17:19, 10 қараша 2025
-
"Қатты мұқтажбыз": Тұрсынбектің балалары солқылдап жылап қалды (ВИДЕО)17:16, 10 қараша 2025
-
Атырауда боди-массаж жасайтын әйел клиентті пышақтап өлтірген16:42, 10 қараша 2025
-
Ербаян Мұхтар Түркиядағы емін аяқтап, елге оралды16:22, 10 қараша 2025
-
"Қатты мұқтажбыз": Тұрсынбектің балалары солқылдап жылап қалды (ВИДЕО)17:16, 10 қараша 2025
-
"Дәстүрді білмей ме": Асанәлі Әшімов немересін күйеуіне өзі табыстады (ВИДЕО)15:01, 10 қараша 2025
-
Тұрсынбек Қабатов тоқалы барын мойындады10:06, 10 қараша 2025
-
"Ұятты жерінің бәрі көрінді": Тойда билеген әйел жұрттан оңбай сөз естіді (ВИДЕО)09:36, 10 қараша 2025
-
-
-
Ақмола облысында екі жаттықтырушы жарыс кезінде төбелесті10:49, 10 қараша 2025
-
"Маған өте қиын": Қайрат Нұртастың қызы өзін сынайтындарға үн қатты (ВИДЕО)15:06, 10 қараша 2025
-
Талғарлық Хасан Қасымбаев сотта соңғы сөзін айтты17:25, 10 қараша 2025
-
Атырауда боди-массаж жасайтын әйел клиентті пышақтап өлтірген16:42, 10 қараша 2025
-
«Иманы саламат болсын»: Мұхтар Шаханов қара жамылды19:46, 05 қараша 2025
-
-
"Небір сұмпайы тірліктер жасады": Мөлдірдің әпкесі күйеу баласы туралы жазды (ВИДЕО)11:11, 04 қараша 2025
-
"Қасынан бір елі қалмайды": Тұрсынбек Қабатовтың жас тоқалының видеосы тарады (ВИДЕО)14:57, 05 қараша 2025
-
-
"Бір әйелді қарық қылып ал": Әнші Бүркіт өнердегі әріптестерін сынады (ВИДЕО)09:44, 04 қараша 2025
-
"Қазір әкемнен алыстадым": Тұрсынбек Қабатовтың кіші қызы оқырмандарына жауап берді09:56, 05 қараша 2025
-
"Ол да бір үйдің Мөлдірін жылатты": Динара Сәтжан танымал журналистің сынына қалды16:44, 06 қараша 2025
-
"Көмектесетін адамым жоқ": Гүлзира Айдарбекованың кіші келіні ренішін айтты09:00, 06 қараша 2025
-
Мөлдір Мұқанова ірі көлемде айыппұл арқалады15:15, 04 қараша 2025
-
"Қызымның ұстайтын жері қалмапты": Сәкеннің құдағиы ренішін айтты (ФОТО)10:18, 16 қазан 2025
-
-
-
-
Аида Балаева қаралы хабар айтты15:04, 20 қазан 2025
-
-
-
"Жасанды сұлулық иесі": Қоғам белсендісі Динара Сәтжанды оңдырмай сынады13:02, 14 қазан 2025
-
«Иманы саламат болсын»: Мұхтар Шаханов қара жамылды19:46, 05 қараша 2025
-