Танымал актриса Әлия Ануарбек жеке өміріндегі маңызды жаңалығын бөлісті ол тұрмысқа шығатынын ресми түрде жария етті. Өнер иесі бұл жаңалығын көрермендерге өзінің өмірінен шабыт алған «Бақыт құшағында» атты мюзикл-спектакль барысында жеткізген деп хабарлайды Ozgeris.info
Әлия Ануарбек қойылымда көрсетілген кейбір оқиғалар өз өмірінен алынғанын жасырмады. Мюзиклде сыра ішу, құда түсу секілді дәстүрлі көріністер қамтылған, ал актрисаның айтуынша, мұндай сәттер оның жеке өмірінде де болған.
«Жолымды ашып, батыл қадамдар жасауға септігін тигізгенін айта аламын. Қазір мен “қалдық” деп аталатын күйден шығып, арқа сүйер адамымды таптым», — деді актриса.