Қызылордада шенеунік кәсіпкерлерді ұлының оқу ақысын төлеуге мәжбүрлеген

Фото: Forbes.kz/Дінмұхамед Әбсаттаров

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Ozgeris.info.

«Ол ұлының оқуына ақы төлеу қажеттілігі және дизельді отынмен қамтамасыз ету туралы бизнес өкілдеріне заңсыз нұсқаулар беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін күдікке ілінді. Сонымен қатар, шенеунік өңір кәсіпорындарының сұйытылған газдың тиісті көлемін алу құқығын шектеу арқылы заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтірді деген күдік бар», — делінген хабарламада.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта іс прокурорға жіберілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…