«Қытығыма тиді»: Ләйлә Сұлтанқызы әзілкеш Нұрболхан Шараповпен соттасқан кезін еске алды (ВИДЕО)

Фото: әлеуметтік желі

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы кезекті сұхбатында өзінен қате кеткен тұстарды тізіп берді, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

Жүргізуші бір кездері өзі соттасқан Нұрболхан Шарапов туралы айтты.

«Нұрболханмен бекер соттасыппын. Ол да эмоциямен, мен де эмоциямен кеттім. Өзіне де айттым. Кіші деп сен тоқтамадың, үлкенмін деп мен тоқтамадым дедім. Екеуміздің ақымақтығымыз да – осында. Елдің көзінше де, былай да қанша рет кешірім сұрады. Ол уақыт өте келе, болмашы дүние үшін қырықпышақ болғанымызды түсінді. Бұл жерде қытығыма тиді. Дәлелдегім келді», — дейді Ләйлә Сұлтанқызы.