«Қысқа көйлек киіп, мас болып, клубта жүретін» — блогер марқұм Салтанат туралы айтты

«Асар-Үме» қайырымдылық қорының  мүшесі  Елжас Шора марқұм Салтанат Нүкенованың қазасына бір жыл толғанда оның түрмедегі күйеуін ақтап сөйлегендей болды. Елжас Шораның сөзінше Нүкенова  азапты өліміне өзі себепкер, күйеуін соған итермелеген, деп жазды KYN.KZ.

«Әр қазақ әйелі-Жалғызым өте керемет сөздер. Жеке өз басым әйелдер қауымын, ана, апа, қарындастарымызды сыйлаймын. Бірақ, өкінішке орай, әйел кісілер бар арақ-шарап ішетін, темекі шегетіндер. Клубта істейтін танысым «Салтанат  министрдің әйелі бола тұра қысқа көйлек киіп, мас болып, клубта жүретін дейді. Аллаһ кешірсін қатты айтсам, ақиқатты айту керек. Әрине бұл жала. Осы өлімге күйеуін  итермелеген Салтанаттың өзі  деп ойлаймын. Жатқан жері жайлы болсын. Ішімдік ішіп өлгені қатты ауыр болды. Аллаһ кешіріп, рахымына бөлесін. Салтанаттың өлімі барша әйелге сабақ болсын. Өтініш, әйел, апа, қарындас сөзіне сай болыңыздаршы. Арақ ішпеңдер, күйеулеріңізді тыңдаңыздар, жаман болмайсыздар. Ия келісемін, тура осындай оңбаған еркектер де бар, оңбаған»,-деп жазған Елжас Шора.