«Құны – 20 млн теңге»: Мөлдір Әуелбекова қымбат мүлігін көрсетті

Фото: moldir.auyelbekova инстаграм парақшасынан

Қазақстандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова жаңа көлік сатып алды. Өнер иесі бұл жаңалығын бірден оқырмандарына хабарлап, таңдауы қандай темір тұлпарға түскенін көрсетті, деп жазады Ozgeris.info.

Мөлдір Әуелбекова қуанышты жаңалығын Instagram-дағы парақшасында жария еткен. Эстрада жұлдызы жаңа көлігімен түскен видеосын жариялап, құттықтап жатқан көпшілікке алғысын білдірді.

«Құттықтағандарға жұғысты болсын», — деп жазды өнер иесі.

Белгілі болғандай, әншінің таңдауы Zeekr 001 автокөлігіне түскен. Бұл темір тұлпардың Қазақстан нарығындағы орташа бағасы 20 млн теңгені құрайды. Желі қолданушылары шоу-бизнес жұлдызын жарыса құттықтап, оған ақ тілегін жолдады.

«Берекелі көлік болсын», «Өзіңізге соңына дейін қызмет етсін», «Құтты болсын, өзім алғандай қуанып тұрмын», «Көлігіңіз тозса да, өміріңіз тозбасын», «Құттықтаймын. Сіз үшін шын жүректен қуаныштымын», — деп жазуда оқырмандар.