Олимпиада чемпионы Елдос Сметов күміс жүлдегер Ғұсман Қырғызбаевпен құда болып шықты. Бұл туралы ол «The DS`Show» ютуб арнасына қонақта болғанда айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі.
«Екеуміз ата-баба салтымен бесік құдамыз. Мен қыз аламын. Бұл — менің ойым. Қызы бар адам менің қызымды аласың ба деп айтпайды ғой. Екеуміз бір жарысқа барған кезде отбасымызбен телефон арқылы сөйлестік. Ғұсман қызын еркелетіп жатыр. Мен баламмен сөйлесіп жатырмын. Сосын мен екеуміз баяғыдан доспыз ғой, сенің қызыңа құда түсіп қояйын дедім. Ертең бір-бірімізбен құда болатын болсақ арамыз одан да нығая түседі. Туысқан болып кетеміз деген оймен ұсыныс тастадым. Құдам да қарсы болған жоқ. Бәрін бірге көріп келе жатырғандықтан келісті. Содан кейін келіншегіміз екеуміз алтын сырғасын алып, қыздың құлағына сырға салып, құда түсіп, атастырып қойдық. Солай ресми рәсімін жасап кеттік. Ертеңгі күні қыз бен баланы өскенде көрістіреміз. Егер көңілдері жарасып, тілін тауып жатса онда жақсы. Егер ұнатпай жатса, өкіл әке, өкіл шеше болып бәрібір де құда боламыз. Бірақ таңдау өздерінде болады. Екеуін кездестіріп мейрамханаға апардық, бірін-бірі таниды», деді чемпион.
ПІКІР ЖАЗУ