«Күйеу балаларыммен араласпаймын»: Абай Бегей көңілін қалдырғандарды кешірмейтінін айтты (ВИДЕО)

Фото: "Астана" телеарнасы

Танымал әнші Абай Бегей актер Тәуекел Мүслімге берген сұхбатында күйеу балаларымен қарым-қатынасы туралы айтты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

«Қызым тұрмысқа шығамын дегенде бірден келісімімді бердім. Содан кейін қызым күйеу баламен таныстырғысы келді. Ал мен қызыма: Егер күйеу бала маған ұнамай қалса, шықпай қаласың ба?, дедім. Ол маған шығамын, соны қаладым, деді. Онда маған көрсетпе дедім. Ұзату тойын 700 адамға істедім. Күйеу баланы сол кезде көріп, амандастым. Сонымен болды. Әлі күнге дейін күйеу балаларыма телефон соқпаймын, жақын араласпаймын. Маған бір адам ұнамай қалса, кейін ол адаммен араласа алмай қаламын. Сол себепті тойдан кейін қызыма: Күйеу  баланы маған жамандама дедім», — деп ағынан жарылды әнші.

Ал желі қолданушылары болса, әншінің бұл ісін құптамады.

«Не деген тәкаппарлық», «Бұл — өзімішлідік! Ата-ана қызының кез келген таңдауын қолдау керек», «Нағыз әке қызына таңдау жасатпайды», «Әкесіне неге ұнау керек?», «Тәкаппарлық басымдау болып тұр», деп жазды олар. 

Watch on TikTok


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…