«Күйеуім бұрын сотталған»: Нүкенованың анасы отбасындағы құпияны ашты

Фото: видеодан скрин

Тележүргізуші Дана Нұржігіт Салтанат Нүкенованың анасымен эксклюзивті сұхбат жасады, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

Сұхбат барысында марқұм Салтанаттың әкесі желтоқсан оқиғасына қатысып, тіпті үш жылға сотталғаны жайлы айтылды.

«Күйеуім Амангелді екеуіміз Целиноград ауыл шаруалық институтына бірге оқуға түскенбіз. Жыл соңында үйленеміз деп шешкенбіз. Желтоқсан айында Павлодарға билет алып ұшып кетуді жоспарлап қойғанбыз. Ол жақта ата-аналарымды таныстырамыз дедік. Сол жылдың 16-17 желтоқсан өздеріңіз білетін қайғылы оқиға орын алады. Сол кезде бір-ақ білдім. Амангелді желтоқсан оқиғасын ұйымдастырушылар қатарынан екен. Целиноградта жүріп түрлі плакаттар дайындап, басшы неге қазақ емес деп өз позицияларын білдіріп жатты. Желтоқсанның жиырмасы күні қасындағы жігіттері оның ұсталғаны жайлы қағазды әкеліп береді. Сот болатынын да кейін хабарлады. Сот кезінде үш жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарылды. Бірақ та оларды Астанада біраз кідіртті. Сол кезде оның анасы және ағалары жоғары сотқа барып, тіпті Колбинге барып өтініштерін білдірді. Ағасы өте сауатты кісі болған. Түрлі хаттар жазылып, соның арқасында жазасын жеңілдетуге күш жұмсалды», — деді Салтанат Нүкенованың анасы Жұмагүл ханым.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей