«Күйеу балаға ұнамаған сияқты». Абай Бегей 16 жасында тұрмыс құрған қызына жыр арнады (ВИДЕО)

Фото: әлеуметтік желіден

Абай Бегей тұрмысқа шыққан қызын қонаққа шақырып, есік көрсетті, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі.

Жас жұбайлардың видеосын жариялаған Абай Бегейдің үлкен қызы сіңілісі мен күйеу баласын құдалыққа дейін үйге шақырып жіберуді жөн көргенін айтып, сыйлық табыстайды.

«Күйеуге шығамын деп папасының иммунитетін түсіріп кетті. Пайғамбар да күйеу баласын сыйлаған деп төрден орын алған күйеу баламыз», — деді Ерке.

Содан кейін дастархан басында Абай Бегей қолына домбыра алып қызына ән шырқап берген.

«Жылап қалдым ғой», «Әкесі әлі бермей тұр ғой», «Мына әнмен ұғатын адам болса, қызына біраз дүние айтты», «Әкенің жыры мен орны бөлек», «Күйеу балаға ұнамаған сияқты», «Қайын атасына көзін алартып отыр ғой», деп желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған. 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от NIYAZKULOVA ERKE ❤️‍🔥 (@niyazkulova_erke)