«Құдай сұлулықты молынан берген»: Жүнісова елді тәнті етті

Фото: Instagram/zhunusova.makpal

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова желіде жаңа фото жариялап, ел назарын өзіне аударды. Қалың көпшілік өнер иесінің сұлулығына тәнті болып, оның жасарып кеткенін айтуда, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

Мақпал Жүнісова Instagram-дағы парақшасында жаңа суретін жариялап, оқырмандарын қуантты. Фотода әншінің күлгін түсті көйлекте тұрғанын көруге болады. Эстрада жұлдызының жаңа фотосы қалың көпшілікті таңғалдырды.

Оқырмандар өнер иесіне лүпілдерін аямай, түрлі пікір қалдырды. Желідегілердің басым көпшілігі Жүнісованың асқан сұлулығына тәнті болып, оның жасарып кеткенін жарыса жазуда.

«Жасарып кетіпсіз», «Қандай әдемісіз. Құдай сұлулықты молынан берген», «Көз тимесін. Қазақтық сұлу Мақпалы ортамызда күліп жүре бер», «Тұнып тұрған сұлулық», «Сұлулықты аямай берген ғой», «Әдемі болып кетіпсіз», «Ғұмырлы болыңыз», «Не деген фигура», — деп жазды оқырмандар.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)