АО «Кселл» компаниясы журналистердің сұрауына жауап бере отырып, бүгін таңертең компания желісінде кейбір абоненттердің интернет жылдамдығының төмендегенін растады, деп хабарлайды ozgeris.info.
Бұл мәселеге телекоммуникациялық жабдықтың дұрыс жұмыс істемеуі себеп болды.
Компанияның мамандары дереу жедел жұмыстар жүргізіп, телекоммуникациялық жабдық өндірушінің сарапшыларын тартты. Бірлескен күштермен ақау түзетілді.
Қазіргі уақытта барлық қызметтер қалыпты жұмыс істеп тұр, интернет жылдамдығы толығымен қалпына келтірілді. Компания абоненттерден уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және мәселеге тап болған барлық пайдаланушыларға бонус тағайындайтынын хабарлады.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру