Костанайда ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған әлеуметтік қызмет көрсету орталығында ауыр жағдай тіркелді, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі.
Аталған орталықтағы балалардың басым көпшілігіне психиатриялық диагноз қойылған. Мұндай балалармен жұмыс істеу оңай емес екені белгілі. Алайда бұл тәрбиешілердің қатігездікке баруына еш негіз бола алмайды.
Біздің дереккөздердің мәліметінше, тәрбиеші жұмыс барысында күйгелектік танытып, 16 жастағы Дарья К.-ның денесіне бірнеше рет ыстық үтікті басқан. Орталық басшылығы бұл жағдай туралы білгеннен кейін бірден полиция шақырған.
Оқиғаға қатысты ресми мәлімет алу мүмкін болмады. Себебі орталық директоры Дина Кусалина екі күн бұрын басқа жұмысқа ауыстырылған.
Қазіргі таңда күдікті қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. Ол және оның әріптесі қызметтен босатылған. Тергеу оның кінәсін дәлелдесе, тәрбиеші екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру