Қостанай облысында қонақ асын беруге тыйым салу ұсынылды

Қостанай облысында діни рәсімдердегі ысырапшылдықты азайту мақсатында жаңа талаптар енгізілді. Бұл шешім «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде өткен конференция барысында қабылданды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

ҚМДБ сайтына сілтеме жасап. Іс-шараны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облыстық өкілдігі ұйымдастырды. Қостанай облысының бас имамы Бектұрсын қажы Торғайбайұлының айтуынша, жаңа шешімдер діни рәсімдердегі артық шығындарды қысқартуға бағытталған.

Олардың негізгілері: қонақ асын (жаназадан бір күн бұрынғы берілетін кешкі асты) тоқтату;

ас мәзірін (бауырсақ, нан, қант, кәмпит-піспенан, су, шәй, ыстық тамақ) бірізділікке салу;

ҚМДБ-ның «Қамқор-шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының бекіткен нормалары бойынша зират көтеру;

марқұмның жылдық астарында көрсетілетін бейнероликтердің әуеніне назар аудару, бейнеде алкогольді ішімдігі бар фото не видео көріністердің, әуреті ашық киімдердің болмауын қадағалу;  жаназа астарын жиналысқа айналдырмау, сәйкесінше, онда үш адамнан артық кісіге сөз бермеу.