Қостанай облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

ҚазАвтоЖол Қостанай облысындағы көлік қозғалысын шектеу туралы жедел ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Kazinform.

— 2024 жылғы 16 желтоқсанда сағат 17:00-де Қостанай облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» 108-232 шақ., (Әулиекөл а. — Ақмола обл.шек.) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды, — делінген компанияның хабарламасында.

Жол қозғалысының жоспарланған ашылуы – 2024 жылдың 17 желтоқсаны сағат 08:00-де.

Қосымша ақпаратты тәуліктің кез келген уақытында байланыс орталығының 1403 нөмірі арқылы алуға болады.

Бұған дейін «Қазгидромет» ел аумағының басым бөлігіне белсенді солтүстік циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалы болатынын, оның ішінде қар жауатынын, елдің батысында жаңбыр, қар, ал шығыс, оңтүстік-шығыс, орталық бөлігінде қалың қар жауатынын хабарлады.

Республика бойынша көктайғақ, бұрқасын, тұман, желдің күшеюі болжанып отыр.