Экология министрі Ерлан Нысанбаев өнертапқыш Алтай Айнабектің жасанды жаңбыр жауғызу технологиясына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
«Әлемдегі ауа-райы болжамымен айналысатын ғалымдар мен мекемелер иондау тәсілін зерттеген. Олардың қорытындысы бойынша, бұл адам сеніңкіремейтін, нақты дәлелі жоқ тәсіл. Бұған көп сене беруге болмайды», — деді ол.
Оның айутынша, жақында еліміздің оңтүстік аймақтарына тоқтаусыз жауған жаңбыр болатынын синоптиктер алдын-ала болжаған.
«Гидромет болжамы бойынша сол күндері жаңбыр жаууы керек болатын. Алғашқы он күнге берілген болжам әркез нақты болады», — деді ол.
Министр Ерлан Нысанбаев Алтай Айнабекпен жеке кездесіп, сөйлеспегенін жеткізді.
ПІКІР ЖАЗУ