Қоңыраудан кейінгі өлім: Ақтөбеде диспетчердің немқұрайлылығы адам өмірін қиды

112
depositphotos.com

Ақтөбеде № 2 сот Төтенше жағдайлар департаментінің көмек сұраған әйелдің қоңырауына жауап бермеген қызметкерді кінәлі деп тапты,деп хабарлайды ozgeris.info.

2024 жылдың 9 маусымында кезекшілікте болған кезде жедел кезекшінің көмекшісі «мені өлтіріп жатыр» деген әйелден «112»нөміріне келіп түскен хабарламаны елемеді. Оның немқұрайлылығына байланысты полиция жұмылдырылмады, содан кейін әйел қайтыс болды.

Сотталушыға ауыр зардаптарға әкеп соқтырған немқұрайлылық үшін айып тағылды. Сот оны мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында үш жыл мерзімге қызмет атқаруға тыйым сала отырып, екі жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Жәбірленуші тараптың азаматтық талабы өтініш бойынша қараусыз қалдырылды.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Ақпарат zakon.kz сайтынан алынған.