«Көмек сұрады»: Баян Мақсатқызы Арман Дүйсеновтің ұлы өзіне хабарласқанын айтты

Фото: видеодан скрин

Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы марқұм сазгер Арман Дүйсеновтің ұлының өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ozgeris.info.

Өнер иесі марқұм жігітпен алғаш әрі соңғы рет хабарласқанын айтты.

“Өте қаралы хабар естіп отырмын. Жақын досым Арман Дүйсеновтің ұлы Абылай қайтыс болыпты. Иманды болсын! Осыдан 10-12 күн бұрын маған Абылай хабарласқан еді. Ол баланы көріп жүргеніммен, ешқашан маған қоңырау шалмаған. Туған әпкесіне хабарласқандай, көмек сұрады. Түсінгенім бойынша, бір бағдарламада марқұм сазгердің жеке өмірі талқыланады екен. Оған бірнеше шоу-бизнестегі адамдар қатысып, марқұм туралы жағымсыз ақпарат айтыпты. Ол кезде бағдарламаның эфирге кететініне екі сағат қалған. “Абылай, сен кеше хабарласқаныңда көмектесер едім. Бірақ екі сағат қалғанда қолымыздан ештеңе келмейді” дедім. Ол баланың жанайқайы әкесінің атына жағымсыз пікір айтылғаны еді”, – деді продюсер.

Одан кейін журналист әріптестеріне қарата үндеу жасап, танымал адамның жеке өмірін талқыламауды өтінді.

“Бағдарламаға қатысқан адамдардың сөзін журналистер қолдап, соны тыңдап отырыпты. Жалпы, танымал адамдардың жеке өміріне қатысты әңгіме қозғауды тоқтатыңыздар! Олардың өміріне араласпаңыздар!”, – деді Баян Мақсатқызы.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пока не стукнул инсульт и не лопнул сосуд, возьмите за правило...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!