Отандық танымал әзілкеш әрі актер Қайрат Әділгерей ел алында анасымен қол ұстасып шыққан Елдос Сметовке қолдау білдірді. Ол Париж Олимпиадасының чемпионын сынау өте орынсыз екенін жеткізді, деп жазады хабарлайды Ozgeris.Info.
Қайрат Әділгерей Елдос Сметовты қолдай отырып, 24 жылға бас бостандығынан айырылған Қуандық Бишімбаевты мысалға келтірді. Актер қиын жағдайда адамды тек анасы ғана қызғыштай қорғайтынын жеткізді.
«Бүкіл Қазақстан Бишімбаевты жерден алып, жерге салып жатқанда жалғыз анасы ғана қорғады. «Ол – менің балам. Қорғануға толық құқығы бар» деді. Тек қана Бишімбаевтың жағында анасы ғана қалды. Осыдан-ақ білуге болады. Алладан кейінгі ең мейірімі шексіз адам, ол – ана. Бітті. Ол талқыланбауы керек. Сенің 30-40 жылдан бергі қойныңдағы қатының бір күнде сатып жібереді. Жақсы көрмей қалуы мүмкін, сенен кетіп қалуы мүмкін, тіпті соттасуы да мүмкін. Балаларын алып кетіп, көрсеткізбей де қояды. Міне, ана қандай жағдай болса да, баласын қорғайды. Анадан ондай жамандық күтпейсің. Өйткені, ол — ана», — деді Қайрат Әділгерей әлеуметтік желідегі тікелей эфирінде.
Естеріңізге сала кетейік, Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтің әрекетін белгілі коуч сынаған еді.
ПІКІР ЖАЗУ