«Қиын шешімдер қабылдауға тура келді». Боранбаев ойыннан кейін мәлімдеме жасады

Алматылық «Қайрат» футбол клубы биылғы Қазақстан Премьер-Лигасында жеңіске жетіп, төртінші мәрте чемпион атанды, деп хабарлайды ozgeris.info.

Команда соңғы рет чемпиондықты 2020 жылы иеленген еді. Клуб басшысы Қайрат Боранбаев әлеуметтік желіде маусым қорытындысына арналған жазба қалдырып, бұл жеңістің маңыздылығын ерекше атап өтті.

«ФК «Қайрат» көптен күткен чемпиондықты тойлады. Ойыншылармен бірге матчта болдым, олар үшін бұл жеңіс қаншалықты маңызды екенін сезіндім. Осы жетістікке үлес қосқан әр адамға – негізгі команда ойыншылары мен жаттықтырушыларынан бастап академия қызметкерлері мен клуб персоналына дейін – ризашылығымды білдіремін. Бұл – күн сайынғы ортақ еңбектің нәтижесі. Биылғы маусымда бізге бірнеше рет бас бапкерді ауыстыруға, жаңа жағдайларға бейімделуге және қиын шешімдер қабылдауға тура келді»–деп мәлімдеді Боранбаев.

Сондай-ақ, ол клуб академиясының жас ойыншыларының да үлесін ерекше бағалады. Клуб басшысы жанкүйерлерге де алғыс айтты:

«Иә, көңілге қонбайтын нәтижелер де болды, бізге көп сын айтылды, бірақ жанкүйерлердің «Қайратқа» деген ыстық ықыласын әрқашан сездік. Бұл жеңіс, әсіресе, соларға арналды».

Боранбаевтың айтуынша, «Қайрат» алдағы жылы Чемпиондар Лигасына қатысып, Қазақстан атынан ең беделді турнирде үздік нәтижеге қол жеткізуге ұмтылады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Kairat Boranbayev (@kairat4)