Әлеуметтік желі қолданушылары арасында Кіші Жүз — Алшын — Адай руынан шыққан Алихан Ағаевқа қатысты материалдар қызу талқылануда. Таратылған ақпаратта оның Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Германия қарулы күштері — Вермахт қатарында унтер-офицер дәрежесінде қызмет атқарғаны баяндалған деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Желіде жарияланған жазбаларда Алихан Ағаев Кіші жүз сарбаздарының жетекшісі ретінде көрсетілген. Сондай-ақ, жарияланған материалдардың бірінде:
«Үлкен және Орта жүз қазақтары Сталин мен Кеңес Одағы үшін соғысқан уақытта, Кіші жүздің шынайы батырлары Германия мен қазақ халқы үшін күресті» — деген мәлімдеме жасалған.
Аталған мәліметтер қоғам арасында әртүрлі көзқарастар туғызды. Бір тарап оны ұлттық мүддені қорғаудың көрінісі ретінде бағаласа, екінші тарап мұндай ақпараттың тарихи шындыққа сәйкестігіне күмән келтіруде.
Тарихшылардың айтуынша, Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі оқиғаларға қатысты мұндай деректерге тек мұқият зерттеулер мен құжаттық дәлелдер негізінде баға беру керек. Себебі ресми тарихта Вермахт құрамында соғысқан кеңес азаматтарының әрекеттері сатқындық ретінде қарастырылған.
Қазіргі таңда Алихан Ағаевтың өмір жолына байланысты нақты ғылыми зерттеулер мен архивтік материалдар жеткіліксіз. Сондықтан бұл тақырыпта түпкілікті қорытынды жасау әлі ерте.
Толығырақ:Тикток
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру