Кипрде коронавирустан қалған вакциналар мысықтарға егіледі

Кипр үкіметі елдегі мысықтар коронавирустан қалған вакциналармен егілетінін хабарлады. Қаңтардан бастап аралда мыңдаған мысық коронавирус мутациясынан өлген, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы Аzertag.az-ға сілтеме жасап.

Елдің Ауыл шаруашылығы министрлігі адамдарға арналған вакциналарды мысықтарға қолдануды ұсынды. Таблетка түріндегі вакциналарды мысықтарға ветеринарлар салатын болады.

Мысықтың жұқпалы перитониті (FIP) – Кипрдегі мысық популяциясына орасан зиян келтірген жұқпалы вирустық індет. Бұл адамға берілмейтін коронавирустың бір түрі.

Бірнеше ай бойы Кипрдегі жануар әлемін қорғаушылар Үкіметті жануарлар пандемиясына қарсы шаралар қабылдауға шақырды. Ресми статистикаға сәйкес, аралдың грек бөлігінің оңтүстігінде осы уақытқа дейін 107 мысық вирус жұқтырған. Алайда табиғатты қорғаушылардың пікірінше, бұл көрсеткіш өте төмен. Ветеринарлар Кипр мысықтарының үштен бірі осы вирустан қырылып қалды деп есептейді.

Кипрде миллионға жуық үйсіз мысық бар.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит