«Әділдік жолы» РҚБ Орал қ. Филиалымен Тасқала, Казталов және Ақжайық аудандары тұрғындарына спорт инфрақұрылымының қолжетімді болуына мониторинг жүргізілді.
«Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниялар консорциумына және БҚО әкімдігіне сұрау жолдап, үш ауданда 320 адамға арналған Дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы 2020 жылы басталғанын анықтадық.
Тасқала, Казталов кенттеріндегі спорт нысандарының аумағы 22 517 м³, ал Чапаевта – 18 787 м³.
Тасқаладағы нысанның бюджеті — 706 млн. теңге.
Басқа спортзалдар бойынша бөлінген қаражатты бізге айтқан жоқ, өйткені КПО оны құпия және мердігердердің мүддесін қозғайды деп, санайды.
Конкурсты қалай өткізеді, жеңімпаз қалай анықталады – ол да құпия болып шықты.
Бізді қызықтырған тағы бір сұрақ: «ТаскалаТрансГаз» ЖШС-нің (Тасқала және Казталов) және «Алтим» ЖШС-нің (Чапаев) құрылысты неге аяқтамағаны және КПО-мен шартты бұзулары.
КПО уәдесіне сай, нысандар 2023 жылы қолданысқа беріледі.
Алайда, бізге әлі де келесі сұрақтар түсініксіз:
— спорт нысандар салынады ма?
— неге қарапайым спорт кешендері 3 жыл салынады?
— ӨБТК-нен (Қазақстан мен КПО 1997 жылы жасаған Қарашығанақ кен орны бойынша Өнімді бөлісудің түпкілікті келісімі) тағы да қанша қаражат (халықтың ақшасы деп есепте) бөлінеді?
— кенттердің тұрғындары, әсіресе балалар мен жасөспірімдер заманауи спортзалдарға бара алады ма?
02.09.2019 жылы мемлекет басшысы Қ. Тоқаев бұқаралық спортты дамытуға және спорт инфрақұрылымының балалар үшін барынша қолжетімді болуына тапсырма берді.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сай, аудандық әкімдік дене шынықтыруды және спортты дамыту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады, жеке тұлғалардың спортпен айналысуы үшін инфрақұрылым жасайды.
Бірақ, бұл нақты тапсырманың орындалуы жеткіліксіз.
БҚО-да әдеттегідей: құжаттарда бәрі жақсы, ал іс жүзінде бәрі қиын.
Әкімдік, КПО және Спорт басқармасы қоғам сынын дұрыс қабылдап, ренжімей, халық алдындағы міндеттерін нақты орындауға кіріседі деген үміттеміз.
Осы фактілерді, бұзушылықтарды және шенеуніктердің іс-әрекетсіздігін хабарлаған, әлеуметтік нысанның ашылуын күткен аудан тұрғындарына алғыс білдіреміз.
Бауыржан Закиұлы Ахметжан
ПІКІР ЖАЗУ