«Әкімшілік істі қысқартуды сұраймын»: жәбірленуші Қайрат Нұртасқа шағымы жоқ екенін айтты

Қайрат Нұртас
Фото: dalanews.kz

Бүгін Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қайрат Нұртастың ісі қаралып жатыр. Сот отырысы барысында жәбірленуші әншіге шағымы жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Қайрат Нұртастың ісіне қатысты сот отырысында жәбірленуші Асылбек Бекқайыров әншіге шағымы жоқ екенін айтып, әкімшілік істі қысқартуды сұрады.

«Айдарбековке арыз-шағым жоқ. Әкімшілік істі қысқартуды сұраймын», – деді ол. Қайрат Нұртас сот алдында сөз сөйлеп, өзін айыппұлмен жазалауын сұрады.

«Қатты қателессем, кінәмді мойындаймын. Мені айыппұлмен жазаласаңыздар дұрыс болар еді. Сұранарым осы. Себебі алда талай концертім, талай тойым бар», – деді әнші.

Өнер иесінің адвокаты әкімшілік істі қысқартуды сұрады. Прокурор 434-бап Ұсақ бұзақылық бабы бойынша жаза тағайындауды, ал жеңіл жарақат салу бойынша істі судьяның қарауына қалдыруды сұрады.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Назван продукт, спасающий сосуды лучше лекарств
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)