Бүгін «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен, Жезқазған қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Халықтар достығы мен мәдениеті үйінде Кетбұқа жырау және қазақтың даңқты ақын-жырауларының мұрасын насихаттау мақсатында
«Кетбұқадай билерден кеңес сұрар күн қайда?» атты көркемсөзді мәнерлеп оқу шеберлерінің конкурсы өтті.
Ұлытау облысы бойынша конкурсқа Жаңаарқа, Ұлытау аудандарынан, Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалаларынан, Жәйрем, Жезді кенттерінен 45 үміткерден өтініш түсті. Алдын ала іріктеу сынынан кейін бүгінгі сайыста 18 үміткер өнерін көрсетті.
Қазылар алқасының шешімімен Өмірхан Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің студенті Калиева Ақерке Расулбекқызы Бас жүлдені және «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігінің төс белгісін,
Жаңаарқа ауданы, Атасу жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Төлеуова Гүлім Ахметқызы жүлделі І орын, Сәтбаев қаласынан Мұратова Айдана Алмасқызы жүлделі II орын, Жезқазған қаласының №8 гимназия оқушысы Сламғали Сабина Марғұланқызы жүлделі III орын,
Ұлытау ауданы, Жезді кентінің мектеп-интернат оқушысы Шаяхмет Бекболат Думанұлы және Жаңаарқа ауданы, Түгіскен селосы Жанайдар Сәдуақасов атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Каримова Айару Қалдыбекқызы арнайы сыйлық иегері атанды. Конкурсқа іріктеліп өткен басқа да қатысушылар ынталандыру сыйлығын иеленіп, арнайы дипломдармен марапатталды.
ПІКІР ЖАЗУ