Әкесін кіргізбей қойған. Қаңтар оқиғасында оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің ісі бойынша сот өтті

Алматы әскери сотында Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшып қаза тапқан төрт жасар Айкөркем Мелдеханға қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау басталды, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы.

Айыпталушы – әскери қызметкер Арман Жұман. Оған «ауыр зардаптарға әкеп соқтырған билікті асыра пайдаланды» деген айып тағылып отыр.

Процесс журналистердің, тіпті жәбірленушінің туыстарының қатысуынсыз жабық есік жағдайында өтеді. Себебі қозғалған іс «мемлекеттік құпияларға қатысы бар» деп аталады.

Айкөркемнің әкесі Айдос Мелдеханның сөзінше, сотқа баласы кірген.

«Ұлым әскери қызметкер, сондықтан рұқсат қағазы бар. Бірақ ол да жәбірленуші. Мен балаларымның заңды өкілімін, алайда мені сотқа кіргізбеді. Бір жарым жылда іспен де таныстырмады», — дейді Айдос Мелдехан.

Бұған дейін жәбірленуші жақтың адвокаты «тергеу органдары сәбидің өліміне жауаптыларды жазадан құтқарғысы келеді» деп санайтынын айтқан. Балалар отырған көлікке оқ жаудырған адамдар бұл іске куәгер ретінде қатысқан.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Назван продукт, спасающий сосуды лучше лекарств
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины просто испаряются! Намажьте лицо перед сном этим...