Кемел Тоқаевтың ерлігі жайлы құжат жарияланды

kazgazeta.kz

Қазақстан президентінің әкесі Кемел Тоқаевқа қатысты наградалық парақты Ресейдің Қорғаныс министрлігі құпиясыздандырды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты «Аргументы и факты» порталына сілтеп.

Кемел Тоқаев II дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. Өткен жылы «Халық ерлігі» порталында Тоқаевтың «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталғаны туралы парақ жарияланған болатын. Енді екінші марапатына қатысты құжат та жарық көрді. Онда оның ерлігі сипатталған.

Құжатта жазылғандай, Еглявец елді мекенінің солтүстік-батысында түнгі шабуылды тойтару кезінде Кемел Тоқаев батылдық танытып, бастама көтерген. Ол жау шебіне бірінші болып кіріп, бес немісті өлтіріп, біреуін тұтқынға алған. Шегіну кезінде снайпердің оғы Тоқаевқа тиген. Соған қарамастан, ол жарасын таңып, өз жауынгерлеріне қайта қосылған.

фото: Ресей Федерациясы Қорғаныс Минстрлігі