«Келіншегі бар екенін есіне салып қойыңдар»: Абай Бегейдің әйелі оны әнші арудан қызғанып қалды

Бейнеден кадр

Отандық танымал әнші Абай Бегейдің келіншегі Фариза Жұманова жолдасының видеосын жариялап, оны жас әнші арудан қызғанып қалғанын айтты. Блогер бұл тұрғыда оқырмандарының көмегіне жүгінді, деп жазады KAZ.NUR.KZ

Фариза Жұманова Instagram-дағы парақшасында күйеуі Абай Бегей жариялаған видеоны бөлісті. Бейнежазбада өнер иесінің әнші арумен мерекелік шарада ән салып жатқанын көруге болады. Олар бүгінде хит болып жатқанын «Үрбибі» әнін орындаған.

Аталмыш дуэт кеш қонақтары мен желі қолданушыларының көңілінен шыққан. Олар әншілердің өнеріне тәнті болып, жылы лебізін білдіруде.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Абай Бегей (@abai_begei)