«Келіннің құрсағына көршісіне дейін қожа»: Психосоматолог әйелдердің бедеулігіне басты себепті атады

Фото: видеодан скрин

Психосоматолог Бауыржан Әбілханов әйелдердің құрсақ көтере алмауына не себеп екенін айтты. Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында баяндап берді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

«Үйленгеннен кейін келіннің құрсағына көршісіне дейін қожайын. Келін көтерді ме? Әйелің көтерді ме?, деп сұрап жүреді. Ал көршінің не жұмысы бар? Ер адам сіздің қойып жатқан сұрағыңыз менің жеке шекарамды бұзып жатыр деп айта алмайды. Сізді құрметтеймін, арамызда сый қалғанын қаласаңыз менің отбасыма араласпаңыз демейді. Үлкенге сөз қайтаруға болмайды дейміз де, күліп қоя саламыз. Ал сол эмоцияның бәрін жинаған еркек оны әйеліне шығарады. Осыдан соң абьюзерлік, қол көтеру, сыйыспау пайда болады. Күйеуінің жанында өзін қауіпсіз сезінбеген әйел бала көтермейді. Маған бедеулік пен бала көтере алмау бойынша көптеген әйел келеді. Өте көп кейс бар. Ал олардың бәрінде осындай мәселелер», деді ол.

Watch on TikTok


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы