«Келінім аман-есен босанды»: Абай Бегей ата болды

Танымал әнші Абай Бегей немерелі болды, деп Ozgeris.info.

Күзде өнер иесінің ұлы Жалғас үйленіп, келін түсірген еді.

“Аллаға сансыз шүкір! Уфф, деп келінім аман-есен босанып, бөпесін бауырына басып, жеңілдеп мәз болып жатырмыз. Босанам дегенше апаның жарысқазаны да пісіп, перзентханаға әкеліп берді. Дәл қазір жас ананы сорпалатып отырмын”, – деп жазды әншінің қызы Гүлеркем Ниязқұлова жеке парақшасында.

Айта кетейік, өнер иесінің келіні гендер пати жасап, жынысын анықтаған болатын.