«Келінді болып, қызымызды алып кететін сәт келді»: Ақбота Керімбекованың шаңырағында ұлан-асыр той

Қызды алып кетуге ұлдың кіндік шешесі Айгүл Иманбаевадан бастап, Жанар Айжанова, Меруерт Түсіпбаева секілді әртістерден құралған топ барды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 «Бүгін бізде қуанышты күн! Кіндік балам Ахан, Ақботаның ұлы үйленіп жатыр, бүгін екеуіміз келінді болып, қызымызды алып кететін сәт келді. Құттықтап қойсаңыздар болады», – деді Айгүл Иманбаева.

Кеше келін түсірген Ақбота Керімбекова бүгін беташарға дайындалып жатыр.

«Тойды аман-есен өткіздік. Келініміздің бетін ашамыз бүгін, оған қоса ауызашар. Негізі әдемі кезеңге келін түсіруді Алла нәсіп етіп отыр екен. Тілек көп айтылатын, қабыл болатын ай ғой. Құдай қаласа, осы ұл-қыздың бақытын, жақсылығын көрейік. Келініміз адалынан болып, әулетімізді көркейте берсін», – деді әнші.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Назван продукт, спасающий сосуды лучше лекарств
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора