ҚазҰУ-да қыздардың тізімі тарап кетті: Саясат Нұрбек тың мәліметпен бөлісті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университеті пәк студенттерінің тізімі тарап кеткен. Үкіметте ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бұл тізімді таратқандарға қатысты тың мәлімет айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Министрдің айтуынша, тізім техникалық емес, адами фактордың қателігінен тараған. 

«Деканатқа флюорографияға түспеген студенттердің тізімі бойынша деканаттағы жауапты қызметкер медициналық тексерудің артық қорытындыларын алмай, жолдап жіберген. Университеттің қызметкері жұмыстан шығарылды. Азаматтық іс, әкімшілік іс бойынша қаралды. Ол Әл-фараби атындағы университеттің қызметкерлері»,- деді министр. 

Министр атағандай, ол медициналық тексерісті оқуға түскендер жасайды.  

«Университетке қызмет көрсететін медициналық орталықпен келісімшарт бұзылды. Бұл оқиғаға қатысты барлық қатысушы жазаланды»,- деді Саясат Нұрбек. 

Айта кетейік, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университеті пәк студенттерінің тізімі тарап кеткен еді.