«ҚазМұнайГаз» Болгариядағы зауытты миллиард долларға сатып алуы мүмкін — Bloomberg

Фото: esquire.kz

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Болгарияның Бургас қаласында ресейлік «Лукойл» компаниясына тиесілі мұнай өңдеу зауытын сатып алуы мүмкін.

Бұған дейін шетелдік БАҚ-тар ҚМГ кәсіпорынды сатып алуға үміткерлер қатарынан шыққанын жазған болатын.

BNN Bloomberg өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, ҚМГ Бургастағы МӨЗ сатып алуға үміткер. Зауыттың негізгі акционері Litasco SA компаниясы әлеуетті сатып алушылардан, оның ішінде «ҚазМұнайГаздан» бірнеше ұсыныс алды. Келіссөздер жабық режимде жүріп жатыр.

Басылымның мәліметінше, ҚМГ Vitol тобымен (қазақстандық мұнайдың монополиялық трейдерімен) мәмілені қаржыландыру туралы келіседі. Егер сатып алу жүзеге асырылса, активті беру процесі шамамен бір айға созылуы мүмкін. Мәміленің алдын ала сомасы — миллиард долларға жуық.

Болгарияның «ҚазМұнайГаз» МӨЗ-ін сату шарттарының бірі, Bloomberg дереккөзінің айтуынша, ешқандай ақша Ресейге аударылмауы тиіс.