Әлем халықтарының антропологиялық жіктемесі бойынша қазақтар екі үлкен нәсіл: моңғолоид пен еуропеоидтің араласуынан қалыптасқан ұлтқа жатады.
Қазақтардың этногенезінде қола дәуіріндегі ежелгі еуропеоид нәсіліне жататын үнді-иран тайпалары маңызды рөл атқарды. Біздің эрамызға дейінгі V ғасырдан бастап қазіргі Қазақстан аумағына азият нәсілдің өкілдері ене бастады. Келген тайпалар мен жергілікті тайпалардың араласуы 20 ғасырға созылды. 14-15 ғасырларда қазіргі қазақтарға тән Оңтүстік Сібір нәсілі пайда болды. Оларда моңғолоидтық нәсіл келбеті басым көрінді.
Салыстырмалы түрде алсақ қазіргі қазақтардағы антропологиялық түр келесідей болмақ: еуропеоид – 30%, моңғолоид – 70%.
Қазіргі қазақтардың антропологиялық типі: бойы орташа (ерлер – 171-175 см, әйелдер – 160-165 см); басының ұзындығы орташа (ерлерде – 85 мм, әйелдерде – 85,5 мм), беті ұзын (ерлерде – 128,5 мм, әйелдерде – 121,3 мм) және жалпақ (ерлерде – 148,6 мм, әйелдерде – 139,3 сс). Жақ сүйегі орташа шығыңқы.
Дерматоглификалық зерттеулер (алақан мен саусақ терісінің рельефі) қазақтардың еуропеоид пен моңғолоид нәсілдерінің қосындысы екенін көрсетті.
Қазақтар қан тобы бойынша келесідей бөлінген: I-топ – 34,0%, II-топ – 28,9%, III-топ – 29,5%, IV-топ – 7,6 %.
Қазақтардың арасында теріс резус фактор жиілігі аз (3%).
Жоғарыда аталған барлық антропологиялық көрсеткіштер бойынша Еуразия халықтарының антропологиялық типтерінің арасында қазіргі қазақтардың физиологиялық типінің өз статусы бар.
ПІКІР ЖАЗУ