Жеңіл атлетикадан Париж олимпиадасының іріктеу кезеңінде өнер көрсеткен Елизавета Матвеева мен Надежда Дубовицкая финалдық кезеңге шыға алмады, деп хабарлайды ozgeris.info.
Қазақстандық жеңіл атлеттер Елизавета Матвеева мен Надежда Дубовицкая Париж олимпиадасында үздіктер қатарынан көріне алмады. Биікке секіру бәсекесінде сынға түскен спортшыларымыздың ішінен алағшқы болып Надежда Дубовицкая жарысты ерте аяқтады. Надежда 1,83 метр биіктікті бағындырғанымен, 1,88 метр биіктікті еңсере алмады. Ал Елизавета Матвеева 1,92 метр биіктікті еңсере алмай, сәтсіз өнер көрсетті. Сөйтіп қос қазақстандық жеңіл атлет финалдық кезеңге жолдама ала алмады. Жалпы бұл жарысқа 32 спортшы қатысып, келесі кезеңге үздік шыққан 12 спортшы ғана өтеді.
Айта кетейік, әзірше Қазақстан құрамасында бір алтын, екі қола медаль бар. Нысана көздеуден Александра Ле аралас жұптық сайыста Ислам Сатпаевпен бірге Париж олимпиадасының қола жүлдесін жеңіп алса, дзюдошы Елдос Сметов алтыннан алқа тағып, Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдегер атанған еді.
ПІКІР ЖАЗУ