Қазақстандық теннисші ерсі қылығымен жанкүйерлердің ашуына тиді

Фото: sports24.kz

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева корттағы ерсі қылығымен жанкүйерлердің ашуына тиді. Ол US Open жарысында көмекші қыздың берген добын қабыл алмай қойған, деп хабарлайды ozgeris.info.

Юлияның бұл әрекеті әлеуметтік желіде тарап, теннис жанкүйерлерінің ашуын туғызды. Оның әрекетін қатаң сынап, кешірім сұрауын талап еткендер де бар. Кейіннен Путинцева Instagram парақшасында осы бір әрекеті үшін кешірім сұрады, деп жазады msports.kz.

«Шынымды айтсам, ол қызға ашуланған жоқпын. Мен брейк-пойнт пен геймде жеңіліп қалғаным үшін өзіме қатты ашуландым. Ашудан мен жан-жағымда не болып жатқанын аңғармай да қалдым. Балалардың бәрі өз жұмысын тамаша атқарды», — деп жазды теннисші.

Айта кетейік, US Open турнирінің үшінші айналымында Юлия Путинцева Ясмин Паолиниден екі сетте де жеңіліп, жарысты аяқтаған еді.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…