Қазақстандық таеквондошылардың Париж Олимпиадасындағы қарсылаcтары белгілі болды

Фото: Фото: instagram.com/qaz_olympics

2024 жылғы Париж Олимпиадасында таеквондодан жеребе тартылды. Қазақстандық атлеттердің алғашқы қарсыластары белгілі болды, — деп хабарлайды ozgeris.info.

Париждегі жазғы ойындарда аталған спорт түрінен екі қазақстандық спортшы ел намысын қорғайды.

58 келідегі Самирхон Абабакиров италиялық Вито Дел’Акилаға қарсы шығады. Бұл кездесу 7 тамыз күні, 1/8 финал аясында өтеді.

9 тамызда 80 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Батырхан Төлеуғали даянгке шығады. Оның бірінші қарсыласы – малилік Исмаил Кулибали.