Қазақстандық десантшы-жауынгер әлем чемпионы атанды

Фото: Қорғаныс министрлігі

Қазақстандық десантшы-жауынгер гір тасын көтеру спортынан әлем чемпионатында алтынға ие болды, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Қырғызстанда гір тасын көтеру спорты бойынша өткен әлем біріншілігінде 18404 десанттық-шабуылдау әскери бөлімінің әскери қызметшісі кіші сержант Ержан Төлеубаев чемпион атанды.

«Жасөспірімдер, жастар, ересектер мен ардагерлер арасындағы әлем чемпионаты Шолпаната қаласында өтіп жатыр. Оған әлемнің 13 елінен 350-ден астам спортшы  бақ сынады.

Ержан Төлеубаев 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті. Ал екінші орынға Ресей елінің өкілі иеленсе, үшінші орынға Өзбекстаннан келген спортшы табан тіреді», – делінген хабарламада.

Бұл спортшының осы деңгейдегі жарыстарда олжалаған екінші алтыны екенін айта кеткен жөн.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...